Шымкентте алаяқ ОLX-ке жарнама салған тұрғынның есепшотынан 700 мың теңге ақша шешіп алған

2021 жылдың 14 маусымында Қаратау АПБ-на 102 арқылы жергілікті жердің тұрғыны арызданған, деп хабарлайды Polisia.kz.

Ол арызында OLX интернет желісінде сатылымда тұрған көйлегін бір адам аламын деп алдап, есепшотынан 668 мың теңге ақшасын өзіне белгісіз жолмен алып қойғанын көрсеткен. Қаратау полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Шымкент қаласының тұрғынын анықтап, ұстады. Ұсталған күдіктінің басқа да қылмыстарға қатысы анықталуда. Тергеу амалдары жүргізілуде.