423,92 504.55 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Атырау облмәслихатының депутаты аса ірі көлемдегі ұрлыққа қатысты күдікке ілінді

  • 152
  • UPD: 20:33, 16.06.2021
Атырау облмәслихатының депутаты аса ірі көлемдегі ұрлыққа қатысты күдікке ілінді

«Атырау жүк тасымалы» мекемесіне қарасты Мақат локомотивті пайдалану депосында басшылық қызметте болған лауазымды тұлға құны 20 миллион теңге тұратын 120 тонна жанар-жағар майды қолды қылды деп айыпталып отыр.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті таратқан ақпаратқа сәйкес, 22 адамнан тұратын қылмыстық топ өткен жылдың маусым-қазан айларында Мақат станциясындағы теміржол қазандарынан жанар-жағармай ұрлап, сатумен айналысқан. Қазір 43 жастағы күдікті үйқамақта отыр. Ол өткен сайлауда «Nur Otan» партиясы атынан облыстық маслихатқа депутат болып сайланған екен.

Хабар 24 телеарнасы