Риддерде көп қабатты үйдегі өрттен 20 адам эвакуацияланды

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласында бес қабатты үйден өрт шығып, 20 адам, оның ішінде 5 бала эвакуацияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 16 маусымда құтқарушыларға көп қабатты тұрғын үйдегі пәтерлердің бірі өртеніп жатқаны туралы хабар түскен. Өрт сөндірушілер оқиға орнына дереу жол тартты.

«Белгілі болғандай, бесінші қабатта орналасқан пәтерде от шыққан. Құтқарушылар жалынды сөндіруге кірісіп, подъезден тұрғындарды эвакуациялады. Газ-түтіннен қорғау қызметінің мамандары жалпы саны 20 адамды, оның ішінде 5 баланы қауіпсіз жерге көшірді», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Өртті бірінші болып байқап қалған пәтер иесінің анасы құтқарушыларды шақырған. Ол жалын шарпыған пәтерден 2 немересін алып шықты.

«Өрт сөндірушілер 13 шаршы метр аумақты шарпыған тілсіз жауды ауыздықтады. Қызыл жалынның шығуына тоңазытқыштың апаттық режимі себеп болған. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ» делінген ақпаратта.

Сондай-ақ...