424,94 504.55 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Тараздағы кафеде екі әйел шу шығарды

  • 252
  • UPD: 12:15, 17.06.2021
Тараздағы кафеде екі әйел шу шығарды

Таразда кафеде шу көтерген екі әйел ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Тараз қаласындағы дәмханалардың бірінің жазғы алаңында болған екі белгісіз әйел қоғамдық тәртіпті бұзумен қатар бұзақылық ниетпен облыс орталығының екі тұрғынына дене жарақатын салған, содан кейін оқиға орнынан белгісіз бағытта қашып кеткен.

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК 293-бабының 2-бөлігі 1-тармағы (Адамдар тобында жасалған бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін 33 жастағы екі әйел ұсталып, өз кінәларын мойындады. Сондай-ақ аталған дерекке қатысты бірқатар сот сараптамалары тағайындалды.

Хабар 24 телеарнасы