Дәмханадағы әйелдер төбелесі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды

Таразда әйелдер төбелесіп, екі адам жараланды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оқиға қаладағы жаздық кафелердің бірінде болған. Жанжал бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Жасы отыздан асқан екі әйел қоғамдық тәртіпті бұзып, бірнеше азаматшаны ұрып-соғып, кейін қашып кеткен. Олар жедел іздестіріліп, ұсталды. Кінәсін толық мойындаған. Ал санитарлық талапты бұзғаны үшін кафе қожайынына қатысты хаттама толтырылып, жауапты мекемеге тапсырылды. Ол енді әкімшілік жауапқа тартылуы мүмкін.

Болат Нұрсейітов, қалалық полиция басқармасының бөлім басшысы:

- Аталған дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. 293 баптың 2-бөлігі, яғни бұзақылық бабымен қылмыстық іс қозғалды. Қазір жәбірленушілердің жарақатын анықтау үшін сараптама тағайындалды. Сондай-ақ кафеге қатысы материал жинақталып, санитарлық-эпидемиологиялық қызметке тапсырылды.

Сондай-ақ...