Ақтөбе облысында көлік өртеніп, үш жасар бала көз жұмды

Ақтөбе облысында жеке үйдің ауласында көлік өртеніп, ішінен шыға алмай қалған 3 жасар бала көз жұмды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қайғылы оқиға Әйтеке би ауданында болды. Үйдің ауласында тұрған «Ваз 2106» автокөлігінің ішінде 3 және 7 жастағы ағалы-інілі балалар ойнаған. Кенеттен автокөлік өртеніп, үлкені шығып үлгергенімен, кішісі қалып қойған.