Елордада ұрланған көлік Ақмола облысынан табылды

Елордада Сейфуллин көшесіндегі үйдің ауласынан көлік ұрланды. Audi S4 автокөлігінің иесі полицияға арызданған.

Айтуынша, түнгі уақытта белгісіз біреулер көлігін ұрлап кеткен. Күдікті есігі жабылмаған көлікті байқап, ішінен қосалқы кілт тауып автокөлікті мініп кеткен. Машинаны Ақмола облысы Қабанбай батыр кентінің маңында орналасқан орманға тығып қойған. Полицейлер күдіктіні ұстады. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.