Павлодарда салынып жатқан ғимарат қирап, үш адам зардап шекті

Павлодарда салынып жатқан үш қабатты үйдің ішкі қабаттары опырылып түсті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Үш жұмысшы зардап шекті. Олар дер кезінде жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы Павлодар облыстық Полиция департаменті басшысының орынбасары Рашид Өтеуов мәлімдеді. Екі қабаттағы құлаған еден аумағы 60 шаршы метр. Қазір оқыс жағдайға байланысты тергеу басталды.

Сондай-ақ...