424,46 504.55 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Таразда көпқабатты үйден шыққан өрттен бір адам қайтыс болды

  • 353
  • UPD: 15:24, 18.06.2021

Тағы 5 адам құтқарылды. Оның төртеуі бала. Оқиға қаладағы тоғызыншы мөлтек ауданда болған.

Бесқабатты тұрғын үйдің үшінші қабатынан шыққан қызыл жалын 25 шаршы метр жерді шарпыған. Құтқарушылар 25 адамды қауіпсіз жерге шығарып үлгерген. Тілсіз жау күшейіп кеткендіктен, 5 адам арнайы сатымен түсірілді. Жарақат алған алты адамға медициналық көмек көрсетілген. Денесін күйік шалған екі адам жансақтау бөліміне түсіп,, бірі қайтыс болды. Екінші адамның жағдайы ауыр. Ал қалған тұрғындар медициналық тексерістен кейін үйіне қайтарылған.  Қазір өрттің неден шыққаны анықталып жатыр.

Әлібек Әбсатов, ТЖД Өрт сөндіру және авариялық құтқару қызметі басшысының орынбасары:

– Жоғарғы рангты күшпен құралдар жеткізілді. Оған екі қол оқпандары беріліп, өрт 20 сағат 7 минутта оқшауланып, сол уақытта жойылды. Оттықты абайсызда қолдану, темекі шегу сияқты себептерден болуы мүмкін деп болжап отырмыз. Қазір лоборатория жұмыс істеп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы