Қостанайда ер адам суға батып кетті

Оқиға 17 маусым күні болған. Бұл туралы alau.kz хабарлайды.

Куәгерлердің сөзінше, шомылып жүрген 37 жастағы ер адамды құтқару мүмкін болмаған.

«Екі досы бар еді. Шомылып жүрген. Екеуі оралды, ал біреуі келмеді. Араға бір сағат салып жағалаудан үш метр жерден денесі табылды», – деді оқиға куәгері.