Оралда автокөлік пен мотоцикл соқтығысып, жүргізушілер көз жұмды

Оралда автокөлік пен мотоцикл соқтығысып, жүргізушілер көз жұмды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жантүршігерлік оқиға Белес елді мекені бағытындағы айналма жолда болды. 18 маусым күні сағат 15.00 шамасында «Фольксваген Пассат» маркалы көлік пен мотоцикл түйіскен. Салдарынан 31 және 62 жастағы жүргізушілер мерт болды. «Қазір жол-көлік оқиғасына қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - деп мәлімдеді БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі.