Алматыда фонтанға шомылған екі бала мен әйел тоққа түсіп қалды

Фонтанға түскен екі баланы тоқ соқты. «Оларды құтқарамын» деп барған баланың анасы да тоқ соғып қимылдай алмай қалған.

Оқиға кеше Алматыдағы Қазақ мемлекеттік циркі ғимаратының жанындағы фонтанда болған. Абырой болғанда, сол маңайда жүрген адамдар өз өмірлеріне қауіп төнсе де көмекке келіп, үшеуін де құтқарып қалды.

Гүлдана Нұрымбетова, Алматы қалалық ТЖД ресми өкілі:

- Бүгін осы субұрқақты бірнеше құзырлы мекемеден арнайы мамандар барып тексерген. Бірақ ешқандай ақау табылмады деп хабарлады. Тексеру жұмыстары одан әрі жүргізіліп жатыр.