Атырауда суға батқан екі жасөспірім құтқарылды

Атырауда суға батқан екі жасөспірім қыз құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 19 маусымда сағат 16:45-те жедел құтқару жасағының құтқарушылары М.Шуленов пен Т.Избулов «Атырау» спорт және сауықтыру кешені аумағындағы жазғы жағажайда суға батып кете жаздаған екі жасөспірім қызды құтқарып қалған.

«Құтқарылған 14 жастағы екі жасөспірім қыз дәрігерлік көмекті қажет етпеді. Жергілікті полиция қызметкерлері жасөспірімдердің ата-аналарын шақырып, профилактикалық әңгімелесу жүргізілді» деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.