424,64 503.77 5.77
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қызылордада 8 жасар ұл бала суға батып кетті

  • 207
  • UPD: 11:00, 21.06.2021
Қызылордада 8 жасар ұл бала суға батып кетті inform.kz/kz

Қызылорда облысы Қармақшы ауданында сегіз жасар ұл бала суға батып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқиға 20 маусымда сағат 16.30 шамасында болған. Ауданның теміржол көпіріне жақын бөлігіндегі Қараөзек каналындағы суға түсуге рұқсат етілмеген аумағында 2013 жылы дүниеге келген ұл бала суға батып кетті. Баланың қасында кәмелет жасына толмаған тағы 6 жасөспірім болған. Олар ересек адамдардың бақылауынсыз қалған. «Қазір суға батып кеткен баланың денесін іздестіру жұмыстары жүргізілуде. Оған облыстық төтенше жағдайлар департаментінен 6 құтқарушы, 1 техника қатысуда», - деп мәлім етті облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметінен.

Хабар 24 телеарнасы