Павлодарда кәмелетке толмаған балаларды көлік қағып кетті

Павлодарда кәмелетке толмаған балаларды көлік қағып кетті.

Оқиғаға қатысты тексеру жүргізілуде, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, жол апаты 20 маусым күні сағат 15:30-да Қамзин – Гагарин көшелерінің қиылысында болды.

«Саненг» автокөлігінің 68 жастағы жүргізушісі жолдың жүру бөлігін белгіленбеген жерден кесіп өткен екі жаяу жүргіншіні қағып кетті», - деді Павлодар облысы полиция департаменті жергілікті полиция қызметінің бастығы Ғалым Сарғұлов.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан кәмелетке толмаған жаяу жүргіншілер ауруханаға түсті. Автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды.