Сәтпаевта болған кәмелетке толмаған қызды зорлау ісі бойынша сот үкімі шықты

Қыз зорлаған 3 күдіктінің бірі өмір бойы түрмеде отырады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тағы біреуі 22 жылға сотталды. Алқа билер сотының үкімі осы.

Оқиға былтыр шілде айында Сәтпаев қаласында болған. Екі ер және бір әйел адам кәмелет жасқа толмаған қызды үйлеріне күшпен кіргізіп, денесіне медициналық препарат еккен. Қыз есінен танған соң арам пиғылдарын іске асырған. Сараптама қорытынды жәбірленушінің денсаулығына орасан зиян келгенін анықтады.

Айта кетейік, күдіктілердің үшіншісі тергеу кезінде өзіне-өзі қол салып, көз жұмған болатын.