Елордалық полицейлер өзенге батып бара жатқан әйелді құтқарды

Суға түскен азаматша өзенді өздігімен жүзіп өтемін деп ортасына келгенде шаршап қалған. Оқиға орнына жедел жеткен аға лейтенант Айдос Ағабеков ойланбастан суға сүңгісе, Нұрсұлтан Сейдалиев жағадан құтқару шеңберін лақтырып, екеулеп 35 жастағы қала тұрғынын жағаға алып шығарды.

Шымкентте карантиндік шектеулерге қарамастан той тойлатқандар ұсталды. Кезекті рейд барысында полиция қызметкерлері мен санитар мамандары үйлену тойының үстінен түсті. Оған 250 қонақ шақырылған. Санитарлық талапты бұзған кәсіпкер мен той иелеріне қатысты хаттама толтырылды.  

Атырау қаласында шұңқырға құлап кеткен жылқы құтқарылды. Бұл туралы Call орталығына малдың иесі хабарлаған. Оқиға орнына келген жедел құтқару жасағының мамандары атты екі метр тереңдіктен арнайы көлікпен шығарып алды.

Қостанай облысы Қарабалық ауылында өзара төбелесіп қалған жігіттер ұсталды. Белгілі болғандай, көшеде ішіп отырған бір топ адам жолдағы біреумен ерегісіп, жалғыз азаматқа барлығы жабылып кеткен. Көпшілікке қарсы пышақпен шыққан 36 жастағы азамат ақыры ауруханаға түсті. Қазір осы іске қатысты тергеу жүргізілуде.