Елорданың екі тұрғыны 14 млн теңгеге дизель отынын заңсыз сатқан

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті елорда аумағында дизель отынын заңсыз сату дерегі бойынша қылмыстық істі аяқтады.

Осылайша, ЭТД қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын өткізу барысында екі елорда тұрғынының 14 млн астам теңгеге 70 тоннадан астам дизель отынын заңсыз тасымалдап, сату дерегінің жолын кесті. Сату олардың шығу заңдылығын растайтын құжаттарсыз іске асырылды.

Қылмысты ұйымдастырушылар шартты түрде 3 жылға сотталды.

Қаржылық мониторинг агенттігі азаматтарды ЖЖМ сатудың күмәнді орындарынан алудан бас тартуға шақырады. Заңсыз АЖҚС, соның ішінде заңсыз сатылған дизель отыны жоғары өрт қаупі бар объектілер болып табылады және адамдардың өмірі мен денсаулығы үшін қауіп төндіреді.

ЖЖМ заңсыз сату деректерін анықтаған болсаңыз, Агенттіктің +7 (7172) 70-84-78 сенім телефонына немесе әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттары арқылы хабарласуды сұраймыз. Facebook - https://www.facebook.com/afm.rk/ Instagram - https://www.instagram.com/afm_rk/

ҚР ҚМА Баспасөз қызметі