Қостанай облысында әйел өзін-өзі өртеп жіберген

Қостанай облысының Лисаковсктегі полиция бөлімшесі 55 жастағы әйел адамның өзін-өзі өлтіру фактісі бойынша тергеу жүргізіп жатыр.

Бұл туралы Қостанай облыстық ПД баспасөз қызметі хабарлайды.  

«15 маусым күні жанып жатқан шөпті өшіру кезінде әйел адамның денесі табылған. Жедел жәрдем көлігімен қалалық ауруханаға жеткізілгенімен, оны аман алып қалу мүмкін болмады», – делінген мәліметте.

Полиция қызметкерлері әйел суицид жасамақ болғанын анықтады.

Қазір осы жағдайға байланысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.