424,44 504.55 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтаудағы жағажайда жаппай төбелес болды

  • 249
  • UPD: 15:04, 23.06.2021
Ақтаудағы жағажайда жаппай төбелес болды

Ақтаудағы «Достар» жағажайында болған жастар арасындағы төбелестің видеосы тарады.

Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл оқиғаға қатысты түсініктеме берді, деп жазды lada.kz.

Жастар арасындағы жаппай төбелестің видеосы 22 маусымда түсірілген.

Полицияның баспасөз қызметі 22 маусымда «102» операторлық пультіне «Достар» жағажайында төбелес болып жатқаны туралы қоңырау түскенін хабарлады.

«Патрульдік полиция батальонының экипажы оқиға орнына жетіп, үш жас жігітті Ақтау полиция бөліміне алып кетті. Олардың екеуі кәмелетке толмаған болып шықты. Әкімшілік хаттамалар 127-бап және Қазақстан Республикасы Әкімшілік кодексінің 434-бабы бойынша жасалды. Төбелеске басқа да қатысушылар анықталып жатыр», - деді полиция.

Хабар 24 телеарнасы