Ақтауда бойжеткен үшінші қабаттан құлап кетті

Ақтауда бойжеткен үшінші қабаттан құлап кетті, деп жазды lada.kz.

Аталған факті бойынша тергеу жүріп жатыр, деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Оқиға бүгін, 23 маусымда таңертең 7 шағын аудандағы №3 үйде болған. Биіктен құлаған қыз аман қалды, бірақ алған жарақаттарымен Маңғыстау облыстық ауруханасының травматология бөліміне жатқызылды.

Тергеу тобының қызметкерлері оқиға орнында жұмыс істеп жатыр.