Қызылорда қаласында жеңіл көлік каналға құлап, бір адам қаза тапты

Қайғылы жағдай Бәйтерек шағын ауданында болған.

Суға батып кеткен көлік арнайы техникамен шығарылды. Оның ішінен шамамен 30 жастағы жігіттің өлі денесі анықталды.

ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫНДА ЖЕР ҮЙ ӨРТЕНДІ

Түнде тұтанған тілсіз жау 120 шаршы метр аумақты шарпыған. Абырой болғанда, шырт ұйқыда жатқан отбасы құтқарушылар келгенше далаға шығып үлгерген. Төтенше жағдайлар қызметкерлері өртті сөндірді. Арнайы сараптама тағайындалды.

ЕЛІКТІ ҚОРЛАҒАН ЖІГІТТЕР ІЗДЕСТІРІЛУДЕ

Павлодарда жүзіп бара жатқан елікті қорлағандар адамдардың ашуын туғызды. Келеңсіз жағдай Ертіс өзенінде болған. Мына бейнежазбада маторлы қайыққа мінген жігіттер түз тағысына кедергі жасағаны анық көрінеді. Қазір орманшылар полицейлерге шағымданып, бұзақылар іздестіріліп жатыр.

ШЫМКЕНТ АСТЫРТЫН ЦЕХ ӘШКЕРЕЛЕНДІ

Шымкентте алкоголь өнімдерін өндірген 4 астыртын цех әшкереленді. Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері тексеріс кезінде 19 мың бөтелке түрлі маркалы алкоголь өнімін, 75 литр спирт пен есепке алу-бақылау маркаларын тәркіледі. Заңсыз бизнестен жергілікті бюджетке 9 млн. теңге салық түспеген.

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА 17 ТОННА ҚАРАСОРА ШӨБІ ЖАҒЫЛДЫ

 

Жамбыл облысында 17 тонна қарасора шөбі жойылды. Полиция қызметкерлері «Қарасора - 2021» акциясы аясында Шу, Тұрар Рысқұлов және Байзақ аудандарында жабайы түрде өсіп тұрған шөпті шауып алып, жағып жіберді.