Маңғыстауда трактор аударылып қалды

Маңғыстауда трактор аударылып қалды

«К700» тракторының жүргізушісі тізгінге ие бола алмай, көлік аударылып қалды.

Бұл туралы lada.kz Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Жол-көлік оқиғасы 24 маусымда, түнгі сағат 3 шамасында болған.

«К700» көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, трактор аударылып қалды. Жәбірленуші Жаңаөзендегі көпсалалы қалалық ауруханаға жеткізілді», - деп хабарлады облыстық полициядан.

Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы бойынша әкімшілік хаттама жасалды.