Алматыда Mercedes мінген бойжеткен ауыр жол апатын жасады

Алматының «Әйгерім-2» ықшам ауданындағы Шұғыла мен Түймебаев көшелерінің қиылысында жол апаты болды, деп хабарлады zakon.kz.

Көшелердің қиылысында жол беруі тиіс болған Mercedes-Benz жүргізушісі қиылысқа шығып кетіп, оны су таситын «КамАЗ» көлігі соқты.

Жойқын соққыдан кейін Mercedes-Benz көше бойындағы қоршауды жапырып, үйге соғылса, «КамАЗ» ағашқа соғылды. Оның тіпті цистернасы түсіп қалған.

Салдарынан Mercedes-Benz-те отырған үш қыз бен «КамАЗ» жолаушысы ауруханаға жеткізілді.