Ақтауда жазатайым мерт болған 14 жасар баланың өліміне қатысты тергеу басталды

Ақтауда жазатайым қаза тапқан 14 жасар баланың өліміне қатысты тергеу басталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алдын ала болжам бойынша жасөспірім электр тоғынан немесе биіктен құлағаннан мерт болуы мүмкін. Қайғылы оқиға кеше түнде №7 мектеп-лицей жанында болған. Куәгерлер жеткіншектің мектеп ауласында ойнап жүргенін көрген. Үйіне қайтар жолда қоршаудан секірген. Сол кезде шам бағанынан тоқ соғып құлады деген болжам бар. Нақты себебін анықтау үшін оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр.

Серік Ғұсман, қала әкімінің орынбасары:

- Нақты қортындысын күтіп отырмыз. Сот-медициналық тексеріс болып жатыр. Қалада 20 мыңға тарта электр құрылғылары жұмыс жасайды. Оның ішінде жарық беру бағаналарының саны 12200. Светельник 8100. 409шақырым электр кабельдері жасап тұр. Электр құрылғыны қамтасыз етуді 15 маусымға дейін «АУЭС» МКК еді. 15 маусымнан бастап «Ақтау сервис құрылыс компаниясы» жеңімпаз болып, осы мердігер айналысып бастады. Бұл мәселеге қызметкерлердің қатысы болса, сапасысыз болса, заң бойынша шара алынады. Материалдық көмек қарастырамыз.