Маңғыстау облысында емшіге қаралған бала оң қолынан айырылды

Жеті күн бұрын Қызылсай ауылының тұрғыны облыстық балалар ауруханасына 8 жасар ұлын әкеледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жеткіншектің бір қолы шынтағына дейін қарайып кеткен. Ол екі апта бұрын велосипедтен құлапты. Дереу дәрігерге барудың орнына ата-анасы сынықшыға апарған. Ақ халатты жандар баланың өмірін сақтап қалу үшін шұғыл операция жасады. Қазір жағдайы бірқалыпты. Әлеуметтік желіде жасөспірімнің қолына протез жасатуға қомақты қаржы керек деген ақпарат тарап жатыр. Бір қызығы, емшіге жүгінген ата-анасы полицияға арыз жазбаған.

Әйгерім Ибадуллаева, ПД Ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімі басшысының м. А.:

- Кәмелетке толмаған баланың ата-анасынан арыз түскен жоқ. Бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған ақпарат бойынша Жаңаөзен қалалық полиция басқармасы тексеру жүргізуде.