Павлодар маңында скутер мінген жасөспірімді көлік қағып кетті

Павлодар маңында көлік жүргізуші скутер мінген жасөспірімді қағып кетті.

Бала ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 24 маусым күні сағат 22:10-да Павлодар ауылында Торговая және Степная көшелерінің қиылысында «Дэу Матиз» автокөлігінің 62 жастағы жүргізушісі скутермен соқтығысқан.

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан кәмелетке толмаған мотоцикл жүргізушісі жарақат алып, ауруханаға жеткізілді», - делінген хабарламада.

Аталмыш факті бойынша тексеру жүргізілуде.