Ақтауда көлік бағанға соғылды

Ақтауда жол апаты салдарынан көлік бағанға соғылды.

Жол апаты 19, 28, 29 және 30 шағын аудандардың қиылысында болған, деп хабарлады lada.kz.

Полицияның хабарлауынша, Daewoo Nexia автокөлігінің жүргізушісі Nexia Ravon автокөлігімен соқтығысқан. Инерцияның салдарынан Daewoo Nexia одан соң ықшам аудандардың бағыттары жазылған бағанға соғылған.

«Зардап шеккендер жоқ. Қазақстан Республикасы Әкімшілік кодексінің 610-бабы бойынша әкімшілік хаттама жасалды», - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.