Алматы облысының Жансүгіров ауылында 3 балдық жер сілкінісі сезілді

ҚР БҒМ ҒК СТӘЭ мемлекеттік мекемесі хабарлайды.

26 маусым күні Алматы уақытымен 17 сағат 19 минут 14 секундта жер сілкінісі тіркелді.

Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 336 шақырым жерде Қазақстанда болды.

Магнитудасы: 4.1

Кіндігі: 15 км

2-3 балдық жерасты дүмпулері Алматы облысы Ақсу ауданы Жансүгіров ауылында сезілді.