425,70 504.60 5.77
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматы облысында полиция департаменті бастығының орынбасары отырған көлікке оқ атылды

  • 166
  • UPD: 22:51, 26.06.2021
Алматы облысында полиция департаменті бастығының орынбасары отырған көлікке оқ атылды

Алматы облыстық Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары отырған көлікке оқ атылды. Оқиға Алматы-Талдықорған жолындағы Арқарлы асуының маңында болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«26 маусым күні сағат 12:20 шамасында полицияға Арқарлы асуының маңында жол ережесіне байланысты жанжал туындап, көлікке оқ атылғаны жөнінде хабарлама түсті. Оқ атылған көлікте Алматы облыстық Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Ержан Оразбеков болған. Зардап шеккендер жоқ. Қазір бұл факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейін тергеу басталып, бұзақыларды іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Көлікке кімнің оқ атқаны белгісіз», - делінген Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Хабар 24 телеарнасы