424,46 504.55 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбе облысында автобус аударылып, үш адам ауруханаға түсті

  • 138
  • UPD: 16:44, 27.06.2021
Ақтөбе облысында автобус аударылып, үш адам ауруханаға түсті фото: inform.kz

«Самара-Шымкент» тасжолында автобус аударылып, үш адам дәрігер көмегіне жүгінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқиға «Самара-Шымкент» тасжолының 916-шақырымында болды. Жолаушылар автобусы Бөгетсай ауылы маңында аударылған.

«Автобус ішінде 12 жолаушы болған. Оның үшеуі - бала. Жүргізуші жол қозғалысы ережесін сақтамай, оң жаққа қарай аударылып қалды. Анықталғандай, олар Ақтөбе қаласынан Ырғыз ауданының Калинин ауылына отбасылық мерекеге бара жатқан. Үш адам дәрігер көмегіне жүгінді. Оның екеуі жеңіл жараланса, біреуі Ақтөбе қаласы жедел жәрдем ауруханасының травматология бөліміне түсті», - деп хабарлады облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов. 

 

Хабар 24 телеарнасы