Павлодарда мотоцикл жүргізушісі жол апатына ұшырады

Павлодарда мотоцикл жүргізушісі жол апатына ұшырады.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан мотоциклші жарақат алып, ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, 27 маусым күні сағат 21:00-де «Ниссан Цефиро» автокөлігінің 27 жастағы жүргізушісі жол бермей, 1988 жылы туған жүргізушінің басқаруындағы «BMW R1200» мотоциклімен соқтығысқан. 

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан мотоциклші жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды. Тексеру жүргізіледі», - деді полиция департаментінде.