424,15 504.60 5.74
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Павлодарда көлік апатынан жол қызметкері зардап шекті

  • 144
  • UPD: 17:42, 28.06.2021
Павлодарда көлік апатынан жол қызметкері зардап шекті

Павлодарда көлік апатынан жол қызметкері зардап шекті.

Оқиға салдарынан ЖШС қызметкерлерінің бірі медициналық көмекке жүгінді, деп хабарлады Pavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 28 маусым күні сағат 04:15 шамасында белгісіз жүргізуші «Лада 21725» автокөлігімен Циолковский көшесімен келе жатқан сәтте қауіпсіз жылдамдықты сақтамай, бояу агрегатына басып кірген. ЖШС қызметкерлері жаяу жүргіншілер өткелінде бояу жұмыстарын жүргізгені анықталды.

«Апат салдарынан ЖШС қызметкерлерінің бірі медициналық көмекке жүгінді. Құқықбұзушыға қатысты ҚР ӘҚБК 610-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды, 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды және ҚР ӘҚБК 611-бабы бойынша материал сотқа жіберілді», - делінген хабарламада.

Автокөлік айып тұрағына қойылды.

Хабар 24 телеарнасы