425,70 504.60 5.77
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Павлодар облысында төрт жасар қызды көлік басып кетті

  • 120
  • UPD: 11:13, 29.06.2021
Павлодар облысында төрт жасар қызды көлік басып кетті

Павлодар облысында төрт жасар қызды көлік басып кетті, бүлдіршін қаза тапты.

Жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды, оған қарсы сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, деп хабарлады Pavlodarnews.kz

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, 28 маусым күні сағат 17:30-да Ақсу ауылдық аймағының Береке ауылында «ВАЗ 2106» автокөлігінің 21 жастағы жүргізушісі 2017 жылы туған қызды қағып, жолдың жүру бөлігіне шығып кеткен.

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан бала алған дене жарақатынан оқиға орнында көз жұмды», - деді полиция департаменті басшысының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.

Оның айтуынша, жүргізушіге қатысты Қазақстан Республикасы ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Хабар 24 телеарнасы