Қызылордада көпқабатты үй өртеніп, 60 жастағы тұрғын уланып қалды

Қызылордада көпқабатты үйде болған өрттен уланған 60 жастағы тұрғын ауруханаға жеткізілді, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Оқиға 28 маусымда жергілікті уақыт 14:44-те Қызылорда қаласындағы «Астана» шағын ауданындағы тұрғын үйдің 5-қабатында өрт шыққан. Қызыл жалынның 4-5-қабаттардағы өзге де пәтерлерге таралу қаупі туындады.

«Өрт сағат 15:16-те сөндірілді. Көппәтерлі үйден 26 адам қауіпсіз жерге шығарылды. Олардың ішінде 14 бала бар. Улы газға уланып қалған 1961 жылғы тұрғын қалалық ауруханаға жатқызылды. Өрттің шығу себебі анықталуда», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаментінен.