Тапанша мен көне ақша алып өтпек болған Ресей азаматы ұсталды

Ресей азаматы Қостанай облысынан 600 көне тиын мен 100 шақты қағаз ақшаны алып өтпек болған.

Күдіктінің көлігінен оқтаулы дабыл тапаншасы да табылды.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ресей азаматы жүк көлігінің жүргізушісі. Аталған іс құзіретті органға жіберілді.