Атырауда әкесі мен баласы қарулы қарақшының шабуылын тойтарды

Әкесі мен баласы қарулы қарақшыны қолға түсірді.

Оқиға маусымның 23-і күні кешкілік Атырау қаласында болған. 48 жастағы ер азамат базар қоймасының қасында көлігінде отырған кезде бетін тұмшалаған белгісіз біреу көліктің артқы орындығына отыра кетіп, оған пневматикалық тапанша кезенген. Осылайша ақша беруін талап етеді. Бұны байқап қалған 25 жастағы ұлы дереу әкесіне көмекке келген. Сөйтіп, екеулеп қаскөйдің қаруын тартып алып, тәртіп сақшылары жеткенше ұстап отырған.  Қолға түскен 34 жастағы күдікті қазір қамауда отыр.