ШҚО-да жол апатынан екі адам қаза тапты

ШҚО-дағы Өскемен-Семей автожолында жол апаты болды.

Бұл туралы Semey News хабарлайды.

Оқиға 29 маусым күні сағат 17:30-да Lada және Chevrolet көліктерінің қатысуымен болған.

«Салдарынан Chevrolet көлігінің 36 жастағы жүргізушісі мен Lada-да отырған 45 жастағы жолаушы көз жұмған. Қазіргі уақытта оқиға орнында ШҚО ПД қызметкерлері жұмыс істеп жатыр», – делінген ШҚО ПД баспасөз қызметі таратқан мәліметте.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған.