424,46 504.55 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Атбасарда тұрғын зейнеткер анасын ұрып өлтірді

  • 135
  • UPD: 09:57, 01.07.2021
Атбасарда тұрғын зейнеткер анасын ұрып өлтірді

Атбасарда тұрғын зейнеткер анасын ұрып өлтірді, деп хабарлайды Polisia.kz.

29 маусымда Атбасар ауданының полиция бөлімінің кезекші бөліміне учаскелік полиция инспекторынан 40 жастағы жергілікті тұрғынның ұсталғаны туралы хабарлама келіп түсті. Жанжал кезінде ер адам анасына дене жарақатын салғаны анықталды. Оқиға болған күні қаскүнем үйге мас күйінде келген, ал жанжал кезінде ол 65 жастағы анасын бірнеше рет жұдырықпен ұрып қалған. Сот-медициналық сараптаманың қорытындысы бойынша әйелдің өлімі бассүйек-ми жарақаты салдарынан болған.

Аталған факті бойынша тергеу бөлімі ҚР ҚК 106-бабының 3-бөлігі (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) бойынша сотқа дейінгі іс бастады. Күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Қылмыстық істі тергеу жалғасуда.

Хабар 24 телеарнасы