Шымкент-Самара трассасында Тәжікстаннан кетіп бара жатқан көлік өртеніп кетті

Шымкент-Самара трассасында ауыр жүк көлігі өртке оранды.

Фура маркалы автокөлігі Тәжікістаннан Ресейге бара жатыр екен. Кабинада жүргізушіден бөлек тағы бір ер кісі болды.

Абырой болғанда, барлығы дін аман. Алайда тез жанғыш зат тиегендіктен жалыны қатты өртті сөндіру оңай болмаған. Жаңақорған аудандық №14 өрт сөндіру бекетінің мамандары тілсіз жаудың шығу себептерін анықтауда.