ШҚО-ның Алтай ауданында анасы мен баласы суға кетті

Алтай ауданында анасы мен баласы суға кетіп қайтыс болды. 

8 жасар бүлдіршін Зубовск ауылының іргесінен ағатын Бұқтырма өзенінің жағасында ойнап жүріп, байқаусызда жардан  құлап кеткен. Оны құтқармақ болған анасы суға секірген. Құтқарушылар олардың денесін ауылдан 10 шақырым жерден тауып, жағаға шығарған.