Қарағандыда көлік тонаумен айналысқан топ ұсталды

Қарағанды қаласында екі ай бойы тұрақты түрде көлік тонап келген қылмыстық топ құрықталды.

25 пен 27 жас аралығындағы үш азаматтан құралған күдіктілер қымбат көліктердің терезесін сындырып, ішіндегі техниканы ұрлап отырған. Кейбір көліктердің титан дискілерін де шешіп алғаны белгілі болды. Тәулігіне кемі 4 көлікті тонаған күдіктілерден келген шығын көлемі 200-ден 300 мың теңгеге дейін жетеді. Қазір қолға түскен үш азамат 12 көлікті тонағанын мойындаған. Қарағандыда қазір ұрлық бойынша 800-ге жуық азамат есепте тұр, оның 60-ы автокөлік тонаушылар.

Ескендір Әубәкіров, қалалық криминалдық полиция бөлімінің басшысы:

- Тұлғалардың барлығы Қарағанды облысының тұрғындары, атап айтсақ, Шахтиснк қаласының маңындағы ауылдарда тұрады. Олар екі ай көлемінде Қарағанды қаласына түнде келіп, автотұрақта емес, аулада тұрған көліктерден ұрлық жасаған. Бұл ҚР ҚК 180-бабының 3-тармағы бойынша ауыр санатты қылмысқа жатады.