Ақтөбе облысында 35 сайлау учаскесі құрылды

Ақтөбе облысының Шалқар ауданы Кішіқұм селолық округінің әкімі лауазымына алғашқы үміткер тіркелді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Облыстық сайлау комиссиясының мәліметінше, ол өзін өзі ұсынған. Ақтөбе облысында 35 сайлау учаскесі құрылды. 34 селолық округ және 1 ауыл әкімін тұрғындардың өздері таңдайды. Жалпы саяси науқанға 84 елді мекенде тұратын 32 мың сайлаушы қатысады деп күтілуде. Саяси партиялар мен жекелеген азаматтар 14 шілдеге дейін үміткерлерін ұсына алады. Өңірде әзірге бір ғана кандидат тіркелді.

Гүлнар Күнбаева, облыстық сайлау комиссиясының төрайымы:

- Егер де бір округке бір адам ғана түсетін болса, онда мына енгізілген өзгерістерде мынадай норма қосылды. Осы ауданның әкімі бір емес, екі адамды ұсынуға құқы бар. Өйткені біздер альтернативсіз сайлау өткізбеуіміз керекпіз.