425,70 504.60 5.77
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қостанай облысында қасқырға таланған әйел көз жұмды

  • 118
  • UPD: 17:02, 02.07.2021
Қостанай облысында қасқырға таланған әйел көз жұмды news.mail.ru

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Ксения Жылқыбаева бұл жайтты растады, деп хабарлайды kstnews.kz.

«Қасқыр талаған әйел Меңдіқарадағы ауруханада жатқан болатын. Өкінішке қарай, ол қайтыс болды», – деді Жылқыбаева.

Естеріңізде болса, 6 маусым күні Ұзынағаш ауылында қасқыр 19 жастағы жігіт пен 50 жастағы әйелге тап берген.

Әйелдің дауысына көмекке келген көршілері қасқырды атып өлтірген. Ал әйел адам ауруханаға жеткізілген, алайда оның өмірін сақтап қалу мүмкін болмаған.

Хабар 24 телеарнасы