Ақтөбеде 66 жастағы зейнеткерді көлік қағып кетті

Ақтөбеде 66 жастағы зейнеткерді көлік қағып кетті, деп хабарлады Polisia.kz.

30 маусым күні сағат 12:30-да Hyundai Elantra автокөлігін басқарған 30 жастағы әйел 101 Атқыштар бригадасы көшесімен Әбілқайыр хан даңғылы жағынан Жұбановтар көшесіне қарай келе жатып, Жұбановтар көшесі мен 101 Атқыштар бригадасы көшесінің қиылысында жолдың жүру бөлігінен өтіп бара жатқан 66 жастағы әйелді қағып кеткен.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші Ақтөбе қаласының Жедел медициналық жәрдем ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылып, бірнеше сағаттан кейін қайтыс болған. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабы 2-бөлігі (Абайсызда адам өліміне әкеп соққан ЖҚЕ бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.