Румынияда «ҚазМұнайГаз» иелігіндегі мұнай зауытында жарылыс болды

Румынияның ең ірі мұнай өңдеу зауытында жарылыс болып, өрт шықты. Бұл «ҚазМұнайГаз» иелігіндегі кешен.

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, тосын оқиғадан бірнеше адам жарақат алды. Тілсіз жауға қарсы өрт сөндіру қызметінің 8 тобы жұмылдырылған. Жаңа жарылыстар қаупіне байланысты зауыт маңындағы аймақ қоршауға алынды.