Румынияда «ҚазМұнайГаз»-ға тиесілі зауыттағы жарылыстан 1 адам қаза тапты

Румынияның ең ірі мұнай өңдеу зауытында жарылыс болып, өрт шықты. Бұл «ҚазМұнайГаз Интернешнл» компаниясының иелігіндегі кешен.

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, тосын оқиғадан бір адам қаза тауып, тағы бесеуі жарақат алды. Тілсіз жауға қарсы өрт сөндіру қызметінің 8 тобы жұмылдырылған. Зауыт жұмысы тоқтатылып, барлық қызметкерлер эвакуацияланды. «Қазмұнайгаз» компаниясы өкілдерінің мәлімдеуінше, қазіргі кезде өрт ауыздықталып, жағдай бақылауға алынды.