Елордадағы Жібек жолы ауылында жанармай құю бекетінде газ жанып жатыр

Елорда іргесіндегі Жібек жолы ауылында орналасқан «Норс» жанар-жағармай құю бекетінде газ жанып жатыр. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі оқиға орнынан хабарлайды.

Қауіпсіздік мақсатында сол жердегі автокөлік қозғалысына шектеу қойылып, жол жабылды. Жанармай құю бекеті «Нұр-Сұлтан-Қарағанды» жолы бойында орналасқан. Куәгерлердің айтуынша, өрт газ құю орыны жанынан шыққан.