424,44 504.55 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елорда маңындағы ауылда жанармай цистернасынан шыққан өрт сөндірілді

  • 109
  • UPD: 23:44, 02.07.2021
Елорда маңындағы ауылда жанармай цистернасынан шыққан өрт сөндірілді

Ақмола облысының Жібек жолы ауылында өртенген цистерна жалыны толығымен сөндірілді, деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Мәліметке сәйкес, өртті сөндіруге Нұр-Сұлтан қаласы мен Ақмола облысының өрт сөндірушілері қатысқан. Оқиға орнында жеке құрамнан 17 адам, 3 қондырғы жұмыс істеді, оның екеуі Нұр-Сұлтан қаласынан және 1-і Аршалы кентінен.

«Жолды полиция қызметкерлері жауып тастап, өрт сағат 19:21-де оқшауланып, сағат 19:41-де толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр» делінген хабарламада.

Айта кетейік, елорда маңындағы елді мекенде жанармай құю бекеті өртеніп жатқанын хабарлаған болатынбыз.

Елордадағы Жібек жолы ауылында жанармай құю бекетінде газ өртеніп жатыр

Хабар 24 телеарнасы