Павлодарда биіктіктен краншы құлап, тағы бір жұмыскерді күйік шалды

2 шілде күні Павлодар облысының орталығында екі оқыс оқиға болды, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.

«Полицияның жедел мәліметінде бірден екі жазатайым оқиға тіркелді. Мәселен, 2 шілде күні сағат 01:40-та Павлодар қаласындағы акционерлік қоғамдардың бірінің өндірістік цехында 62 жастағы газ дәнекерлеуші өндірістік жұмыстарды орындау кезінде биіктігі 5 метр краннан құлап кеткен. Салдарынан жарақатпен ауруханаға жеткізілді», - деді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінде.

Сол күні сағат 14:10-да акционерлік қоғамдардың бірінің өндірістік цехында 26 жастағы слесарь монтаждау жұмыстарын жүргізу кезінде денесін күйік шалып, ауруханаға түсті.